Үш ай бұрын коронавируспен ауырған адамдар вакцинацияланады

696

Коронавирус инфекциясын қайта жұқтыру қаупі өршіп тұр. 

Үш ай бұрын коронавируспен ауырған адамдар вакцинацияланады

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева мәлімдеді деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның сөзінше, бұған дейін коронавируспен ауырған адам 3 айдан кейін қайтадан вирус жұқтыруы мүмкін. 

"Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 3 ай бұрын ауырған адамдарды вакцинациялау жұмысы қолға алынды", – деді басқарма төрағасының орынбасары. 

Бұдан кейін ол вакцинация паспортын тиімді пайдалану үшін қандай шара қабылданып жатқанын жариялады. 

"Венгрия, Тайланд, Моңғолия азаматтарының вакцинацияланғаны туралы паспорты біздің мемлекетімізде қабылданатын болды. Осыған қатысты Қазақстанның паспорты да аты аталған елдерде жарамды деп табылады", – деді Айнагүл Қуатбаева.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу