Үш айда 4 мыңдай адам жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен

744

2020 жылғы қаңтар-наурызда 216 784 жеңіл автомобиль тіркелген.

Үш айда 4 мыңдай адам жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен

2020 жылғы қаңтар-наурызда елімізде 216784 жеңіл автомобиль тіркелді. Өткен жылдың балама кезеңімен салыстырып қарасақ, олардың саны 1,8%-ға кемігенін байқауға болады.

ҰЭМ статистика комитеті 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3929,5 мың бірлікті құрады деген мәлімет береді.

Биылғы жылғы қаңтар-наурызда 2740 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3959 адам зардап шегіпті. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 3,9%-ға төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу