Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды. 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Үш тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде:
- 250 кг синтетика
- 1 тонна 642 кг марихуана
- 238 кг гашиш
- 322 грамм героин.
"Жыл басынан бері 1425 адам ұсталды. Оның ішінде 76 әйел, 23 жасөспірім және 9 шетел азаматы. Есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу