"Үш баласы мен жүкті келіншегі бар": Түркістан облысында анасы мен қызын өлтірді деген күдіктіге қатысты тың дерек шықты

2770

Түркістан облысы Амангелді ауылында анасы мен қызын асқан қатыгездікпен өлтірді деген күдіктінің ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Үш баласы мен жүкті келіншегі бар": Түркістан облысында анасы мен қызын өлтірді деген күдіктіге қатысты тың дерек шықты Фото: Бейнежазбадан

Марқұмдардың туыстары 30 жастағы жігіттің 10-сынып оқушысына қырындап, соның салдарынан жұмыстан қуылғанын айтады. Осыған кектенген күдікті түн ішінде өзін масқаралады деген әйел мен оқушы қыздың үйіне барған. Сөйтіп, 45 жастағы әйелдің басынан кірпішпен ұрып өлтіріп, оның 16 жастағы қызын зорлап, ұрып өлтірген.

Оқушының шыңғырған дауысын естіген көршілері күдіктіні жазбай таныған. Оның үш баласы мен жүкті келіншегі бар екен.

Енді халық күдіктінің отбасын ауылдан көшіруді талап етіп жатыр. Тіпті, ауылдастары жиналып, күдіктінің үйіне барған. Жергілікті билік өкілдері халыққа басу айтып, заңсыздыққа жол бермеуге шақырған.

Сосын күдіктінің анасы үш аптаның ішінде көшіп кетуге уәде беріпті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу