Үш елдің сыртқы істер министрлері Астанада бас қосады

672

Үш елдің сыртқы істер министрлері Астанада бас қосады

Астанада наурыз айының ортасында Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтату режимінің кепіл елдері Түркия, Иран және Ресейдің сыртқы істер министрлері бас қосады, деп хабарлайды kazislam.kz.

Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзата Уяныка хабарлағандай, Түркиядағы бейінді министрлік Ресей және Ирандағы әріптестерімен бірге Сирия бойынша консультация жүргізіп жатыр.

"Тиісті тараптар болжам бойынша Астанада наурыздың ортасында сыртқы істер министрлерінің бас қосуы өтеді деп мәлімдеді. Қазір осы орайда жұмыстар жүргізіліп, өзара консультациялар жалғасып жатыр. Жалпы, мұндай кездесу Астанада наурыз айының ортасында міндетті түрде болады", - деді елші баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ресей, Түркия және Иранның сыртқы істер министрлері 16 наурызда Астанада кездеседі деп хабарлаған еді. Бас қосудың нақты күні мен күн тәртібіндегі мәселе әлі қаралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу