"Үш емханадан 5 млн теңге": Ұлынан айырылған қарағандылық тұрғынға өтемақы төленді

118

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.  

"Үш емханадан 5 млн теңге": Ұлынан айырылған қарағандылық тұрғынға өтемақы төленді Фото: ihospital.ru

Қарағандыда ұлынан айырылған әйел үш медициналық мекемеден 5 млн теңге өндіріп алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2023 жылдың наурызында әйел 16 жастағы ұлын балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізген. Жасөспірім 10 күн бойы дене қызуы бар екеніне шағымданған.Жасөспірімді ауруханаға жатқызу қажет екені айтылған. Алайда анасы бас тартқан.

Жоғары соттың хабарлауынша, әйелге ауруханаға жатқызу қажет екені дұрыс түсіндірілмеген. Артынша жасөспірім қатерлі ісікке шалдыққан болуы мүмкін деген күдікпен стационарға жатқызылады.

"Алайда аурухана басшылығы мен денсаулық сақтау басқармасы оған республикалық орталықтардың мамандарын тартып, шұғыл консультация алу және науқасты бейінді мекемеге ауыстыру мүмкіндігі туралы уақытылы хабарламаған", – делінген ақпаратта.

Бала медициналық көмекке алғаш жүгіннен кейін 1 ай өткенде республикалық медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Анасы моральдық шығынды өндіру үшін сотқа жүгініп, жеңіп шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу