Үш күнге арналған ауа райы болжамы

358

"Қазгидромет" РМК 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.  

Үш күнге арналған ауа райы болжамы Фото: gov.kz

Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын, қатты жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде 14 наурызда Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, 15 наурызда тәулік бойы Жетісу облысында қар жауады, 15 наурызда түнде Алматы облысында толассыз қар болады деп күтілуде. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстік, шығыс және орталықта жаяу бұрқасын болжанады.

Еліміздің басым бөлігінде 16 наурызда күндіз Қазақстанның оңтүстік жартысында ауа температурасы 5-13 градус жылыға дейін, солтүстік жартысында 0-5 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу