Үш облыста жер үсті және жерасты жаяу жүргінші өткелдері жоқ

492

Қазақстанда тек 250 жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдері бар. 

Үш облыста жер үсті және жерасты жаяу жүргінші өткелдері жоқ Фото: ТОО "Alstroy Holding"

Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство өкілінің сөзінше, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдері жоқ.

"Бүгінде 1 мыңнан астам бағдаршам нысандары, 1,5 мың "кері санақ" таблосы, 25 мың жол белгілері, 1 млн км-ден астам жол таңбалары қажет", - деп толықтырды спикер.

Марат Қожаевтың айтуынша, қала сыртындағы жолдарда жағдай қиын.

"Жол апаттарының көпшілігі және адам шығынымен болған жағдайлардың 50%-ы тиесілі. Бұл деңгей Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарында одан да жоғары. Соңғы жылдары заманауи магистральдар салынып жатыр. Бұл жол қауіпсіздігіне әсер етеді. Мәселен, 15 жыл бұрын жолда 4 мыңнан астам адам қаза болатын, қазір 2 есеге азайды. Ал магистральдық жолдардың жекелеген учаскелерінде өлім саны 6 есеге қысқарды", - деді ІІМ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу