Үш облыстағы полиция департаментінде ауыс-түйіс болды

472

Ведомство басшысы тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды. 

Үш облыстағы полиция департаментінде ауыс-түйіс болды Фото: polisia.kz

ҚР ІІМ-де жаңа лауазымдарға үміткерлер қаралды. Министр Марат Ахметжанов орынбасарларымен бірге олардың жұмыстағы жетістігі мен біліктілігіне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары болып Фархад Омаров тағайындалды. Ол осыған дейін ІІМ Тергеу департаментінің Аналитикалық жұмыс және алдын ала тергеу басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.

Дәурен Ибраев Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды. Жаңа қызметке дейін ол Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Абай облысы Полиция департаменті Семей қаласы Полиция басқармасының бастығы болып Қайрат Әбдіғалиев тағайындалды. Полиция полковнигі ШҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығы болып жұмыс істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу