Үш партияны тіркеуге құжат тапсырылды

650

Бұған дейін құжаттары бірнеше рет кері қайтарылған "Ел тірегі", "Байтақ" сынды бейресми партиялар тағы да тіркелуге өтініш берген. 

Үш партияны тіркеуге құжат тапсырылды

"Үш партияны тіркеу мәселесі қаралып жатыр", – деді Әділет министрі Қанат Мусин сенат кулуарында журналистерге.

"Ұйымдастыру тобының ішінде әр адамның мәліметтері көрсетілуі керек. Кей жағдайда адамдардың ЖСН-і сәйкес келмейді, ал бір жағдайларда өмірден өткен адамдар ұйымдастыру тобының тізіміне кіргізілген. Сондай-ақ басқа партиялардың мүшелері де кездесіп жатады. Бұл кісілер заң бойынша тізімнен шығарылуы керек. Осы орайда ұйымдастыру тобындағы мүшелердің саны тиісті межеге жетпей қалып жатады", – деп түсіндіреді Қ. Мусин. 

Оның айтуынша, олар құжаттарын дұрыс тапсырса, міндетті түрде тіркеледі. 

"Қазір партияны тіркеу үшін ұйымдастыру тобының саны 1000 адамды қамтуы керек. Ал партияның мүшесі 20 мың болуы тиіс", – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу