3 жыл ішінде автожол салуға 4,6 трлн теңге бағытталады – министр

220

Бұл жобалар транзиттік әлеуетті арттырмақ. 

3 жыл ішінде автожол салуға 4,6 трлн теңге бағытталады – министр Фото: Үкімет

Үш жылда жалпы ұзындығы 3,25 мың шақырым болатын басым жобалар қолға алынады. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Оған 4,6 трлн теңге қаржы көзделген. Бұл жобалар транзиттік әлеуетті арттырып, елге нақты экономикалық пайда әкеледі. Тартылатын қаражат тікелей және тұрақты макроэкономикалық әсер береді.  Оның ішінде мультипликативтік әсер байқалады. Материалдар мен қызметтердің 90%-ға жуығы отандық өндірушілерден сатып алынады. Бұл өнеркәсіптің дамуына оң ықпал етеді", – деді министр.

Нұрлан Сауранбаев автожол саласына салынған инвестиция экономиканы дамытатынын айтты. 

"2029 жылға дейін 10 мың шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіледі. Қазіргі таңда оның 5 мың шақырымы жөнделіп бітті. 2029 жылға дейін тағы 5 мың шақырым жол жөнделеді. Осылайша қойылған міндет толық орындалады", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу