Маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен қырғыз азаматтарын еліне шығарып салды

291

Бүгінде үш азаматтың да жағдайы тұрақты. 

Маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен қырғыз азаматтарын еліне шығарып салды Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Бүгін, 29 желтоқсан күні Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат - Тилек Осмонов, Эрлан Джунушуалиев және күні кеше жансақтау бөлімінен шыққан Асанов Ринат Ақтауға келген жақын туыстарымен бірге өз елдеріне жол тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оларға Маңғыстау облыстық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілді. 

Зардап шеккендерді әуежайдан шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты.

ТЖМ көрші елдің төтеншеліктеріне қажетті көмекті қамтамасыз ете отырып, көліктік сүйемелдеуді ұйымдастырды.

"Бұл жағдай – біздің елдеріміздің арасындағы тығыз ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастың, сондай-ақ Қазақстанның әрқашан төтенше жағдайларда көмекке келуге дайындығының жарқын мысалы. Қазақстан ТЖМ адамдардың қауіпсіздігі мен амандығына бағытталған өзінің маңызды жұмысын жалғастыруда", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу