Ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы жақсарып келеді

714

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы науқастардың жағдайы туралы мәлімет берді.   

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы жақсарып келеді

Фоккер-100 ұшағының бортында болған 21 адам әлі ауруханаларда ем қабылдауда. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев бүгін мегаполисте өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Жалпы Алматы мен Нұр-Сұлтан ауруханаларында 21 адам ем қабылдауда. Оның 2-і бала. Ал жан сақтау бөлімінде 1 науқас жатыр. Ал өзге 19 адамның жағдайы тұрақты. Ертең екі бала ауруханадан шығады", – деді басқармасының басшысы.

Естіріңізге сала кетсек, жалпы ұшақ апатынан 69 адам жарақат алған. Оның 9-ы бала. Оқиға орнында  8 адам, аурухан қабырғасында 4 адам қайтыс болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу