Ұшақта балағат сөз айтқан шетелдік жолаушы қамауға алынды

183

Оқиға Мәскеу – Астана бағытындағы әуе рейсін орындау барысында болған.

Ұшақта балағат сөз айтқан шетелдік жолаушы қамауға алынды Фото: canva

Көлік полицейлері әуе кемесінің бортында тәртіп бұзған жолаушының құқыққа қайшы әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әуе кемесі Астана әуежайына қонғаннан кейін ер адам акт бойынша көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне берілді.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов мәлімдеді.

– Көлік полицейлері 36 жастағы шетел азаматын алкогольдік масаң күйде болғанын және қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Ол әуе кемесі экипажының талаптарын орындамай, басқа жолаушылардың ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан, – деді Құрмет Мәжікенов.

Құқық бұзушы бірден бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды: ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, сондай-ақ әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу.

Сот шешімімен шетел азаматы 12 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар жолаушының бұған дейін де, бір жыл ішінде алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Көліктегі ПД қызметкерлері әуе кемесінің борты – жауапкершілігі жоғары аймақ екенін қатаң түрде еске салады. Экипаж талаптарына бағынбау және агрессивті мінез-құлық жауапсыз қалмайды. Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу