Үшарал әуежайына пайдалануға жарамдылық сертификаты берілді

867

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізген тексеру нәтижелері бойынша Үшарал әуежайына пайдалануға жарамдылық сертификаты берілді, деп жазады inbusiness.kz.

Үшарал әуежайына пайдалануға жарамдылық сертификаты берілді

Бүгінгі күні негізгі жұмыс, оның ішінде ұшу-қону жолағын 2700 метрге дейін ұзарту және рульдеу жолын кеңейту аяқталды. 

Жетісу облысының әкімдігі мердігерлік ұйыммен бірлесіп жоба бойынша қалған жұмыстарды іске асыру бойынша шаралар қабылдауда.

Бүгіннен бастап Үшарал – Алматы және Үшарал – Нұр-Cұлтан субсидияланатын бағыттары бойынша авиабилеттер сатылымға шығады. Рейстерді "SCAT" авиакомпаниясы "CRJ2" әуе кемелерімен (сыйымдылығы 50 орындық) орындайды. Әр бағыт бойынша жазда аптасына 14 рейс, ал басқа мезгілде жеті рейс орындалады. Билет құны 15-16 мың теңге. Ұша 2022 жылдың 15 тамызынан бастап ұша бастайды.

Сонымен бірге Үшарал – Талдықорған бағыты бойынша "Жетісу" авиакомпаниясы 11 тамыздан бастап жазғы маусымда 28 рейс жиілігімен, қалған кезеңде 14 рейс орындайтын болады. Рейстер сыйымдылығы 19 орындық "L-410" ұшақтарында орындалады. Билет бағасы – сегіз мың теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу