"Ұшу қауіпсіздігі үшін": әуе компания адам салмағын өлшеуге кірісті

323

Таиландтық Bangkok Airways әуе компаниясы ұшаққа отырар алдында жолаушылардың салмағын қол жүгімен бірге өлшей бастады. 

"Ұшу қауіпсіздігі үшін": әуе компания адам салмағын өлшеуге кірісті Фото: tourprom.ru

Бұл туралы тасымалдаушының ресми сайтында хабарланады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Bangkok Airways 15 қыркүйектен 31 қазанға дейін өз клиенттерінің орташа салмағы туралы ақпарат жинайды. Мәлімдемеде бұл деректер шетелдік авиакомпания қызметкерлеріне нақты салмақтың максималды ұшу салмағының шегінен аспайтынын растау үшін қажет екендігі көрсетілген.

Авиакомпания мәлімдегендей, аталмыш зерттеу ұшу қауіпсіздігі мен тиімділігі үшін өте маңызды.

"Біз ақпараттың құпия болатынын, жолаушылар мен багаждың салмағы туралы стандартты ақпаратты жаңарту үшін ғана қолданатынына кепілдік береміз", - деп атап өтті тасымалдаушы өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу