Ұшып келе жатқан ұшақтың жанармайы таусылып қалған

1702

Ұшып келе жатқан ұшақтың жанармайы таусылып қалған

26 қазан күні РФ Нижнекамскіден Мәскеуге ұшып келе жатқан ресейлік әуе компаниясына тиесілі ұшақтың жанармайы бітіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лайнердің жанармайы Мәскеуге жақындап қалған кезде таусыла бастаған, бірақ қонуға тиіс болған Шереметьево әуежайына дейін  айтарлықтай қашықтық бар еді. Сол сәтте ұшақ Мәскеудің басқа ауданындағы әуе айлағының - Домодедово әуежайының аумағында ұшып келе жатқан. Диспетчерлер әуе кемесі үшін арнайы жолақты босатып, оның сәтті қонуы үшін жағдай жасауға мәжбүр болды.

"Аэрофлоттың" сайтындағы деректерге сәйкес, оқиға SU 1253 рейсінде орын алған. Ұшақ жолға 1 сағат 45 минут емес, төрт сағат уақыт жұмсады, деп хабарлайды Mash Telegram-арнасы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу