"Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар": Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырды

167

Прокурорлар Ұстаздар күні қарсаңында таралып жатқан жаңа алаяқтық схема туралы ескертті.  

"Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар": Бас прокуратура алаяқтардан сақ болуға шақырды Фото: instagram/redboxkz

Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша алаяқтар ұстаздарға арналған тиімді сыйлық ұсыныстары бар жалған сайттарға сілтемелер жібереді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алаяқтар алдау үшін жасанды интеллект көмегімен іс жүзінде жоқ тауарлардың суреттерін жасайды, ал сатушының орнына сатып алушыға чат-бот жауап береді.  Мұндай сайттар шынайы дүкендерге ұқсас, бірақ төлем жасағаннан кейін сатып алушының ақшасыз да, сыйлықсыз да қалу тәуекелі бар. 

Өзіңізді қорғау үшін:

  • күмәнді хабарламалардан келген сілтемелер бойынша өтпеңіз және нөмірлерге қоңырау шалмаңыз; 
  • парольдерді, PIN-кодтарды, банккарталарының CVV-кодтарын және SMS-тен келген растау кодтарын айтпаңыз; 
  • сайттың шынайылығына және сатушының сенімділігіне көз жеткізгенше дейін алдын ала төлем жасамаңыз;
  • тапсырыстар туралы ақпаратты сатушының ресми сайты немесе қосымшасы арқылы, оларды өз бетіңізше ашып тексеріңіз. 

"Егер сіз карта деректерін беріп қойсаңыз немесе күмәнді қаражаттың алынып кеткенін байқасаңыз, дереу банкпен байланысып, картаны бұғаттаңыз және болған жағдай туралы полицияға хабарлаңыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу