Ұстаздардың жалақысы кестеге сай өсетін болады

4336

Ұстаздардың жалақысы кестеге сай өсетін болады

2018 жылдың қаңтарынан бастап 1,2,5,7 сынып мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы білім және ғылыми вице-министрі Бибігүл Асылова үкімет отырысында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады strategy2050.kz.

"2018 жылдың қаңтарынан бастап 1,2,5,7 сынып мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі. 2018 жылдың  қыркүйегінен бастап  3,6 және  8 сынып мұғалімдерінің  жалақысы артады.  Одан әрі кесте бойынша  2019 жылдың қыркүйегінде 4,9,10  сынып  және  2020 жылы  11 сынып мұғалімдерінің  еңбекақысы артады", - деді Асылова.

Ол айтып өткендей, қосымша  ақы  Жолдауда көрсетілгендей жалақы көлемінің  30 пайызын  құрайтын болады. 

"Мәселен, 15 жылдық өтілі бар  бірінші санаттағы  ұстаздың жалақысы 24 мың теңгеге өседі", – деді вице-министр.

Мұғалімдер жалақысының көбеюі тікелей біліктілігінің расталуымен байланысты екенін айтып өтті. Ал мұғалімдердің біліктілік деңгейі ұлттық бірыңғай тест арқылы анықталады.

"Ұстаздардың жалақысына үстеме ақы қосылады. Онда мұғалімдердің біліктілік деңгейі ескеріледі. Категориялар ұлттық біліктілік тест арқылы анықталады. Осы біліктіктілік деңгейінің расталуына байланысты мұғалімдердің жалақысына 20%-дан 50%-ға дейін үстеме ақы қосылады", - деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу