Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды

808

Жарыс көрерменсіз өтеді.

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды

Қарағандыда "Saryarka" үстел теннисі орталығында үстел теннисінен Қазақстанның жеке-командалық чемпионаты өтеді. Ел біріншілігі 12-17 қаңтар күндеріне белгіленген, деп хабарлайды Olympic.kz.

Байрақты бәсекеде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларымен еліміздің облыстарынан спортшылар бақ сынайды. Ұлттық құрама сапынан тек Кирилл Герасименко жарыстан босатылған. 

Тәжірибелі теннисшілер арасынан Тимур Келбұғанов (Алматы), Денис Жолдуев (ШҚО), Гүлчехра Хусейнова (Орал), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан), Владислав Захаров (Қарағанды) Зәуреш Акашева (Қарағанды), Айдос және Дастан Кенжеғұловтар (Орал), Эрик Райтер (Қарағанды) Деас Мархабаев (Ақтөбе), Айя Әлімбаева (Алматы), Александр Герасименко (Нұр-Сұлтан) және  Әсемгүл Өтепова (Павлодар облысы) қатысады. 

Сонымен қатар, тәжірибелі спортшылармен қатар қатысушылар арасында талантты жастар да бой көрсетеді. Атап айтқанда, Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Сағантай Құрмамбаев (ШҚО), Сарвиноз Миркадирова (Шымкент), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Анель Бахыт (Шымкент), Искандер Харки (Жамбыл облысы), Бақдәулет Әкімәли (Шымкент), Алсу Сапарова (Орал), Ирисбек Артукметов (Шымкент), Санжар Жұбанов (Орал), Алина Борисюк (Қостанай).

Айта кетерлігі, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра, жарыс көрерменсіз өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу