Үстеме бағаны төмендету дәрілік құралдармен қамтамасыз ету көлемін ұлғайтады

1953

Үстеме бағаны төмендету дәрілік құралдармен қамтамасыз ету көлемін ұлғайтады

Орталық коммуникациялар қызметінде 2016 жылдың қорытындысы бойынша "СҚ-Фармация" ЖШС жұмысының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Шара барысында "СК-Фармация" ЖШС- і Басқарма Төрағасы Нұржан Әлібаев айтып өткендей, дәрілік құралдарды сатып алу бағасын төмендету мақсатында "СҚ-Фармация" ЖШС-да екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану тәжірибеден өткізілуде.

"Бірінші кезеңде міндетті талаптар арасындағы құжаттардың, атап айтқанда тіркеу мен сертификация, тендерлік препараттар үшін ұсынылатын Дәрілік құралдарды сараптау ұлттық орталығы берген ҚР аумағында қолдану рұқсатының сәйкестілігі тексеріледі. Барлық өнім берушілер егжей-тегжейлі тексеруден өткізілгеннен кейін ғана, келесі кезеңге іріктелгендер бағаны төмендету аукционына қатыса алады", – деді Н.Әлібаев.

Мұндай тәсілдің арқасында компания 7 жыл ішінде сапаны сақтай отырып, шамамен 55 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдей алды. 2016 жылы қаражатты үнемдеу көрсеткіші 5,4 млрд теңгені құрайды. 2016 жылғы 15 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі медициналық мекемелерге негізгі жылдық тапсырыс 100% көлемде мерзімінен бұрын жеткізілді. Бұдан басқа 10 млрд теңгеге есептелген қосымша көлемнің 90%-ы қазірдің өзінде медициналық мекемеге жеткізілді, делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

"2017 жылға арналған сатып алу өткен жылғымен салыстырғанда бұрын жүргізілді. Қазірдің өзінде 2017 жылғы тұтыну өнімдерінің 94% сатып алынды. Бүгінде өнімнің 30% Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына жеткізілді. 2017 жылға арналған сатып алуды жүргізу кезінде алдын ала үнемдеу нәтижесінде 11,7 млрд теңгені құрады", - деп хабарлады басқарма төрағасы.

2017 жылдан бастап "СҚ-Фармация" ЖШС үстеме баға көлемін 7% дейін төмендетеді. Бұл үстеме бағаны төмендетуі дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бағасын төмендетеді, ол тиісінше мемлекеттік бюджетке жүктемені азайтатын болады. Сондай-ақ, ТМККК шеңберінде дәрілік құралдармен қамтамасыз ету көлемі ұлғайтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу