Үстірт қорығынан Қызыл кітапқа енген өсімдік табылды

215

Бұл өсімдіктің тіркелуі ботаника ғылымы үшін маңызды жаңалық және Үстірт өңірінің қайталанбас экожүйесін сақтау қажеттілігін көрсетеді.

Үстірт қорығынан Қызыл кітапқа енген өсімдік табылды Фото: t.me/qazwfc

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығынан Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін өсімдік табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен хабарлағандай, 2025 жылғы 18-21 сауір аралығында Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Пулатов ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Қызыл кітапқа енген "Майда қатыран" өсімдігін анықтаған.

"Майда қатыран – сирек кездесетін, таралуы шектеулі өсімдік түрі. Тұран провинциясының эндемигі, реликт түр. Бұл өсімдік тұқым арқылы көбейеді. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, мамыр-маусымда жеміс береді", – деп жазылған комитет хабарламасында.

Қорық мамандары өсімдіктің таралу аймағын зерттеуді әрі қарай жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу