"Үстірт" мемлекеттік табиғи қорығына арнайы рұқсат құжаты негізінде ғана кіруге болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аманқос Әбиевтің сөзінше, "Қарақия-Қаракөл қаумалына келетін қоқиқаздар өте әдемі. Бұл көркем кадрды көрсету үшін кейбір азаматтар дрон қолданып, құстарды үркітіп, видеоға түсіреді. Бұған заңмен тыйым салынған.
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" туралы заңның 14-бабы 3-тармағы 5-тармақшасына сәйкес, топтасып ұшатын құстардың мекен ететін аймағында 1 шақырым төмен биіктікте дрондарды, тікұшақтарды ұшыруға рұқсат берілмеген.
Ереже бұзғандарға 10 АЕК айыппұл салынады. Аталған жағдай бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл 20 АЕК-ке дейін өседі.