Утилизацияға төрт жылда 160 мың көлік тапсырылды

803

Жарамсыз көліктен "құтылғандарға" 14 миллиард теңге берілген. 

Утилизацияға төрт жылда 160 мың көлік тапсырылды

Ескі автокөліктерді утилизациялау бағдарламасы 2016 жылы іске қосылды. Содан бері халықтан 158 770 машина қабылданды. Ел азаматтарына 14 миллиард теңге және 54 635 сертификат берілді. Қарағанды облысындағы істен шыққан техниканы қайта өңдейтін зауыт 146 705 көлікті утилизациялады. 

Қазір ескі көлік үшін жеңілдік сертификаты берілмейді. Техникасын өткізгендер тек ақша алады. Бірінші категория 200 016 теңгеге, ал екінші категория 150 012 теңгеге бағаланады. 

Биыл қарашадан бастап ауылшаруашылық техникасын құны 560 мыңнан 2 млн теңгеге дейінгі сертификатқа ауыстыруға болады. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу