Утилизациялық алым үшін артық төленген қаражатты қайтару басталды

2333

Қазақстанда утилизациялық алым үшін артық төленген қаражатты қайтару басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Утилизациялық алым үшін артық төленген қаражатты қайтару басталды

Recycle.kz сайтында техникалық жұмыстар аяқталған. Сайттағы жеке кабинетке 25 мамырдан бастап кіруге болады.

14 мамырдан кейін ескі мөлшерлемелер бойынша өтінім берген жеке және заңды тұлғалар артық төленген қаражатты қайтара алады. Ол үшін электронды-цифрлы қолтаңбамен E-otinish арқылы өтініш беру керек.

Өтініште өтініш нөмірі, шот деректемелері көрсетілуі шарт. 

Айта кетейік, 14 мамырдан бастап елде утилизациялық алымның жаңа ставкалары қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу