Брекешев: Утилизациялық алымның коэффициенті қайта қаралады

1239

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Президент тапсырмасына сәйкес утилизациялық алымның коэффициенті қайта қаралатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Брекешев: Утилизациялық алымның коэффициенті қайта қаралады

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бизнестің, қоғамның және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен төмендегі мәселелер пысықталады.

"Біріншіден, жеке мемлекеттік оператор немесе өнеркәсіпті дамыту қоры базасында құру. Екіншіден, кәдеге жарату төлемін коэффициенттері қайта қарау. Үшіншіден, кәдеге жарату алымы есебінен отандық көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алушыларға ваучерлер беру", – деді министр Үкімет отырысында.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда утилизациялық алымды тоқтатуды тапсырған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу