Утилизациялық алымның мөлшері төмендей ме?

1109

Утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі айлық есептік көрсеткішпен белгіленген. Бұл оның жыл сайын өсетінін көрсетеді.    

Утилизациялық алымның мөлшері төмендей ме?

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов утилизациялық алымның мөлшерін төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2016 жылы аталған алымның мөлшерін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекіткен. 

"Бұл салық тек шетелдік көліктерге емес, қазақстандық автомобильдерге де салынады. Бүгінде утилизациялық алымның мөлшерін қайта қарау мәселесін қаралып жатқан жоқ", – деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 2016 жылғы қаңтардан көлік иелері утилизациялық алымды төлеуге міндеттелген еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу