Ұялы байланыс операторлары 180 миллиард теңгеден астам табыс тапты

956

Ұялы байланыс операторлары 180 миллиард теңгеден астам табыс тапты

2017 жылдың қаңтар-қазанында Қазақстанда 578,9 млрд теңгеге байланыс қызметтері көрсетілді. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайыздан жоғары, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қалааралық және халықаралық телефон қызметтерінің көлемі 2017 жылдың 10 айында 24,8 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылғы қаңтар-қазанындағы көлемінен 9,4 пайызға аз.

Жергілікті телефон байланысы қызметтерін ұсынған компаниялардың табысы 34,2 млрд теңгеге (6,5 пайызға) төмендеген. 

Байланыс қызметтерінің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес интернет желісіне (32,6 пайыз), ұялы байланысқа (31,6 пайыз), телекоммуникациялық қызметтерге (16,8 пайыз), жергілікті телефон байланысына (5,9 пайыз), қалааралық және халықаралық телефон байланысына тиесілі (4,3 пайыз).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу