Ұялы байланыс тарифтері тағы қымбаттайды

255

Елдегі үш оператор осындай шешім қабылдаған.

Ұялы байланыс тарифтері тағы қымбаттайды Фото: Shutterstock.com

Tele2, Altel және Beeline ұялы байланыс операторлары тарифтердің бағасы қайта қаралғанын хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Tele2 мен Altel осы жылдың 25 желтоқсанынан бастап абоненттік төлем мен тариф қызметтерінің көлемі өзгеретінін мәлімдеді.

"Компания тарифтік жоспарлар бағасын өзгертеді. Желілерімізді дамыту, жаңарту мен қызмет көрсету шығындарының өсуіне, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты бағаны өзгертуге мәжбүрміз. Абонтөлемнің өзгеруі байланыс сапасын жақсарту мен қызмет тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Сондай-ақ кейбір тарифтік жоспарларда қосымша ресурстар мен QINO қызметін ұсынамыз", – делінген Tele2 таратқан хабарламада.

Тарифтерге қатысты өзгерістер жайлы толық ақпарат SMS арқылы жіберілетіні айтылды.

Ал Beeline 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кейбір қызметтердің құны өзгеретінін мәлімдеді. Компания ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі байланыс қызметтерінің, интернеттің және қосымша сервистердің құнына әсер етеді дегенді алға тартты. 

"Осыған байланысты тариф жоспарлар бойынша абоненттік төлемдер қайта қаралады. Біз жаңартылған бағалар туралы пайдаланушыларды өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын хабардар етеміз", – деп хабарлады Beeline.

Айта кету керек, бұған дейін ұялы байланыс операторлары тарифтерді қайта қарау бойынша есептеулер жүргізіп жатқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу