Ұялы байланыс жүйесін айналып өтетін заңсыз сим-бокс құрылғысы анықталды

186

Ұйымдастырушы ұсталды.

Ұялы байланыс жүйесін айналып өтетін заңсыз сим-бокс құрылғысы анықталды Фото: Informburo.kz

31 шілдеде Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен және үйлестіруімен Алматы қаласында облыстық Полиция департаментінің Киберполиция басқармасы арнайы операция жүргізіп, ресми байланыс арналарын айналып өтіп, халықаралық қоңырауларды бағыттауға арналған сим-бокс – арнайы жабдықтың заңсыз пайдаланылуын анықтап, жойды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аталған құрылғы қылмыскерлерге бір уақытта жүздеген SIM-картаны пайдаланып, халықаралық шығыс қоңырауларын өзгертіп жіберуге мүмкіндік берген.

Бұл ұялы байланыс операторларына айтарлықтай экономикалық шығын келтіреді және қылмыстық әрекеттердің ізін жасыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодексінің 213-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу