"Ұялы телефон жөндеймін": Рудныйда адамдардан ақша ұрлаған ұры ұсталды

142

Телефон жөндеуші клиенттерінің сеніп тапсырған ұялы телефонындағы банк қосымшасын ашып, шоттарынан қаражатты өзіне аударып отырған.    

"Ұялы телефон жөндеймін": Рудныйда адамдардан ақша ұрлаған ұры ұсталды Фото: Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі

Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам телефондарды тексеру үшін иесінен алып қалып, банк қосымшасындағы ақшаны жұмсаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта 3 адамнан 1 миллион теңгеден астам ақша ұрланғаны белгілі болды. Тергеу жалғасып жатыр.

Ал, құқық қорғау органдары басқа да жәбірленушілердің болуы мүмкін екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу