Ұзақ салынған "Алтын шардың" бірінші блогы бойынша құрылыс аяқталды

932

"Алтын шар" үлескерлеріне кілттер беріліп, құжаттар рәсімделе басталды.

Ұзақ салынған "Алтын шардың" бірінші блогы бойынша құрылыс аяқталды Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан әкімі "Алтын шар" үлескерлерімен кездесті. Бұл туралы Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Бүгін жұмыс күні аяқталған соң, үлескерлермен кездестім. "Алтын шарды" алғаш көрген кезде құрылысы мүлде тоқтап тұрған болатын. "GLB" үй құрылысы комбинатының құрылысшылар мен кредиторлар алдында миллиондаған қарыздары болды. Көппәтерлі тұрғын үй кешені үш блоктан тұрады. Мұндағы жұмыстар қайта жаңғыртылды. Мемлекет тарапынан құрылыс комбинатының жұмысының қайта жандануына көмек көрсетілді.

Үйдің бірінші блогының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. "Алтын шар" (блок №1) үлескерлеріне кілттер беріліп, құжаттар рәсімделе басталды. Бұл – шамамен 200 отбасы. Отбасылардың бір бөлігі көптен күткен баспанаға кіріп үлгерді.

Жыл соңына дейін аталған тұрғын үйдің екінші блогын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сол кезде тағы 200 үлескердің мәселесі шешіледі. Ал үшінші блоктағы жұмыстарды күшейтуді тапсырдым. Ол жерде 218 отбасы пәтерін күтіп отыр. Үйге уақытша кірме жолдар салдық, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аумақты абаттандыруға кірісеміз.

Сонымен бірге құрылыс комбинаты "Бағыстанды" аяқтау мен әлеуметтік қолжетімді тұрғын үй құрылысына жұмылдырылған. Үй құрылысы комбинатының жұмысын қайта жаңғырту сапаға нұқсан келтірмей, үйлерді аз уақытта салып шығуға және шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді", – деп жазды Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу