Uzbekistan airways Әуе компаниясы 4 Boeing ұшағын сатылымға шығарды

482

Ұлттық компания паркінде 23 жыл қызмет еткен 2 Boeing пен 2003-2004-ші жылғы әуе кемелері сатылмақ.

Uzbekistan airways Әуе компаниясы 4 Boeing ұшағын сатылымға шығарды Фото: Tickets.kz

Елдің Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі сауданы ұйымдастыру үшін Британ компаниясын жалдады. Бұл әлемдік стандарттарға сай жекешелендіру жүргізіп, жаңа инвесторларды тарту үшін жасалған шара. Әзірге ұшақтардың бағасы жарияланбады. Сатылған Boeing-тардың орны Франциялық Airbus компаниясының әуе кемелерімен толықпақ. Мұндай келісім Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің желтоқсандағы Францияға сапары аясында жасалды. 

"Uzbekistan Airways - Airbus әуе құрылыс компаниясынан 12 ұшақ сатып алу туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл бізге Орталық Азиядағы позициямызды арттыруға көмектеседі. Оған қоса, аймақ ішінде не одан тыс жерлерде де ұшу картасы едәуір кеңейеді. Әрі жолаушыларымыз үшін билет бағасын төмендетуге мүмкіндік береді", дейді Uzbekistan Airways әуе компаниясының баспасөз хатшысы Камола Икромова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу