"Үздік ауыл әкімі" анықталды

618

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық ауылдық округ әкімдері қатысуға өтінім берген.  

"Үздік ауыл әкімі" анықталды Фото: inform.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ең белсенді Қостанай облысының әкімдері – 14, Солтүстік Қазақстан – 12, Жамбыл облысының – 12 болды.

Байқау облыстық және республикалық деңгейде, екі кезеңде  өтті. Өңірлік кезеңге қатысушылар ауылдық жерлерде тұрғындардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасауға бағытталған жобаларын қорғап, күтілетін экономикалық және әлеуметтік тиімділікпен ауылдарды тұрақты дамыту бойынша ұсыныстар жасады. Екінші кезеңде ауыл әкімдерінің проблемалық жағдайларда практикалық мәселелерді шешу қабілеті ситуациялық кейстер арқылы бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша "Үздік ауыл әкімі" атағы Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Нұрсейітов жеңіп алды.  Екінші орынды Павлодар облысы Успен ауданы Новопокровский ауылдық округінің әкімі Вячеслав Симоненко, үшінші орынды Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі Оралбек Әбшанов иеленген.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің әкімі Арыслан Ағланбеков – "Үздік шаруа әкімі", Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылдық округінің әкімі Гүлмира Добромирова  - "Үздік әлеуметтік жоба" номинациясын иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу