Үздік денсаулық сақтау жүйесі бар елдер рейтингі: Қазақстан 82-орында

953

Әлемдегі ең үздік денсаулық сақтау жүйесі бар елдер – Оңтүстік Корея, Тайвань, Дания. 

Үздік денсаулық сақтау жүйесі бар елдер рейтингі: Қазақстан 82-орында Фото: google

Қазақстан әлемдегі ең үздік денсаулық сақтау жүйесі бар елдердің рейтингінде 82-орында тұр, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

CEOWORLD журналының мәліметіне сәйкес, инфрақұрылым, медицина қызметкерлерінің құзыреті, медициналық қызметтердің құны, сапасы және мемлекеттік аппараттың дайындығын ескере отырып, әлемдегі ең үздік денсаулық сақтау жүйесі Оңтүстік Корея, Тайвань және Данияда делінген. Үздік ондықтың қатарында Австрия, Жапония, Австралия, Франция, Испания, Белгия, Ұлыбритания елдері бар.

Барлығы 89 елге зерттеу жүргізілгенін атап өту керек.

Оның ішінде ТМД елдері арасында Беларусь (57-орын), Ресей (58-орын), Украина (81-орын), Қазақстан (82-орын) және Әзербайжандағы (86-шы орын) денсаулық сақтау жүйесі бағаланды. Рейтингтегі негізгі көрсеткіштер бойынша ТМД елдері көптеген мемлекеттен айтарлықтай төмен.

Worldbank мәліметтері бойынша соңғы бірнеше жылда әлемде денсаулық сақтау саласына бағытталған шығындар жаһандық ЖІӨ-нің 9,1%-9,8% құрайды.

ТМД елдері арасында әлемдік орташа мәннен жоғары көрсеткіш тек Арменияда тіркелді: елдің ЖІӨ-нің 11,3%-ы. Украина мен Тәжікстанда секторды дамытуға жұмсалатын шығындар 7,1%-ды құраса, Түркіменстанда – 6,6%, Молдовада – 6,4%, Беларуссияда – 5,9%, Ресей мен Өзбекстанда – 5,6%, Қырғызстанда – 4,5%, Қазақстанда – 2,8%.

Жан басына шаққандағы денсаулық сақтау саласына жұмсалған шығынтар орта есеппен 1,1 мың долларды құрайды. Елдің әрбір азаматына көп ақша жұмсайтын елдер қатарында АҚШ, Еуропаның бірқатар мемлекеті – Швейцария, Норвегия, Люксембург, Дания, Швеция, Германия бар.

Ресурстың жазуынша, ТМД елдерінде жан басына шаққандағы денсаулық сақтау секторына бағытталған шығындар әлдеқайда төмен. Мысалы, Ресейде бұл көрсеткіш тек 653,4 долларды құраса, Арменияда – 524 доллар, Түркіменстанда – 500 доллар, Беларуссияда – 399,4 доллар, Молдовада –  284,3 доллар, Қазақстанда – 273 доллар, Өзбекстанда – 98,6 доллар, Қырғызстанда – 62,1 доллар, Тәжікстанда – 61,9 доллар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу