Тамыз кеңесінде үздіктерге автокөлік берілген жоқ

1076

Тамыз кеңесінде үздіктерге автокөлік берілген жоқ

Павлодарда бүгін Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өткен педагог қызметкерлердің облыстық конференциясында алғаш рет үздік төрт білім ордасына облыс әкімінің гранты табысталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен облыс әкімі Болат Бақауов құттықтап, сәттілік тіледі.
"Тамыз кеңесі ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселер ортаға салынып, маңызды жоспарлар талқыланатын жиын, - деді өңір басшысы. – Адам тәрбиелеу - ұлы міндет. Осы ұлы міндетті жүзеге асырып жатқан ұстаздар қауымы кез келген құрметке лайықты жандар. Сондықтан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп жатқан ұстаздар қауымына шексіз алғыс білдіремін. Биыл жылдағы дәстүр бойынша автокөлік кілттерін табыс етуден бас тартып, бірнеше жыл бойы жоғары нәтиже көрсеткен төрт мектепке 50 миллион теңге көлемінде облыс әкімі грантын тағайындау туралы бірлескен шешім қабылданды. Мұндай марапат Павлодар қаласының № 122 мектепке дейінгі гимназиясы, облыстық "Жас дарын" мамандандырылған мектебі, Ақсу қаласының Евгеньев ауылдық округінің Үштерек орта мектебі және Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжіне тағайындалды", - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысының айтуынша, облыста білім беру жүйесін қаржыландыру жыл сайын артып келеді. 2015 жылы бұл сома 45 миллиард теңге болса, 2017 жылы 60 миллиард теңгені құрады. Жаңа оқу жылы қарсаңында 118 білім беру нысанында 2 миллиард теңге сомаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Ағымдағы жылы алғашқы рет облыстық бюджеттен білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 1 миллиард теңге бөлінген. Мектеп жиһаздары мен асхана жабдықтары жаңартылып, жаңа компьютерлер сатып алынуда. Балаларды мектепке тасымалдау мақсатында 22 жаңа автобус сатып алынған. Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептерде шахмат үйірмелері жұмыс істейді. 146 мектепте ашылған робот техниксы кабинеттеріне 200 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Биылғы жылғы түлектердің 50 пайызға жуығы мемлекеттік білім беру грантына ие болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу