Ұжымдық иммунитет қалыпты өмір салтына мүмкіндік береді

866

Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева мәжілісте өткен үкімет сағатында ұжымдық иммунитеттің маңыздылығы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұжымдық иммунитет қалыпты өмір салтына мүмкіндік береді

"Бүгінгі күні біздің алдымызда халықты вакциналау міндеті тұр. Дәл осы ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы бізге – қалыпты өмір салтын, ал экономикамызға тұрақтылықты қайтаруға мүмкіндік береді. Сондықтан жаппай вакциналаудың маңыздылығын халыққа дұрыс жеткізудің мәні зор", – деді Балайым Кесебаева.

Оның сөзінше, аса қауіпті инфекцияларға және вакцинамен еңсерілетін ауру түрлеріне ерекше назар аудару қажет. 

"Денсаулық сақтау саласы қызметін цифрландыруды толық қамтамасыз еткен жөн. Бүгінгі жиындағы ұсыныстар шара қабылдау үшін үкіметке жолданады", – деді мәжіліс төрағасының орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу