В. Путин: Украинадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге дайынбыз

468

Владимир Путин Қытайдың "Жэньмин жибао" газетіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді және жан жақты өлшенген позиция ұсынғаны үшін ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге алғысын айтты. 

В. Путин: Украинадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге дайынбыз Фото: РБК

Ресей Украинадағы қақтығысты саяси-дипломатиялық жолмен шешуге дайын. Сондай-ақ Владимир Путин:

"Қытайдың бұл соғыстың шынайы тарихы мен себебін зерттеп, барынша дұрыс позиция ұстанып, қақтығысты реттеуде конструктивті роль ойнауға дайындығын қабылдаймыз" деді.

Ал Пекин ұстанған "жаһандық қауіпсіздік саласындағы бастаманы да қолдаймыз. Өйткені ол Мәскеудің тәсілдерімен ұқсас,- дейді. Айта кетейік, таяуда Қытай төрағасы ресми сапармен Ресейге бармақ. Соның қарсаңында Владимир Путин "Жэньминь Жибао" газетіне сұхбат беріп, "Ресей және Қытай - келешекке көз тіккен әріптестік" атты мақаланы Кремльдің ресми сайтында жариялаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу