Вадим Анастасиади – Қазақстанда тұрғым келеді

1184

Вадим Анастасиади – Қазақстанда тұрғым келеді

"Бірлігі мен ынтымағы жарасқан бейбіт елде тұрып, сол мемлекет үшін қызмет еткенге не жетсін" – дейді Грузияның еңбек сіңірген тілшісі Вадим Анастасиади. Қазақстанда болған алғашқы күндерін еске алған ол, тәуелсіздік жылдары елімізде болған оң өзгерістерді тілге тиек етіп, өз көзқарасымен бөлісті, деп жазады 24 Хабар.
"Мен Қазақстанға алғаш рет барғанымда, Грузия азаматтық соғыстан әлі ес жия алмай жатқан еді. Зауыттар мен фабрикалар жабылып, адамдар нан кезегінде тұратын. Алматыға жеткен соң, таңертең терезеден мүлде басқа көріністі көрдім. Қала көшелеріндегі қалыпты тіршілік, автобустардың жүріп жатқаны, Грузиядан барған мен үшін таңқаларлық оқиға болды. Таңертең көшеге шығып, жұмысына кетіп бара жатқан адамдарды көріп, көңілім орнына түсті. Елдегі тұрақтылыққа қуандым. Содан бері көп уақыт өтіпті. Араға 20 жыл салып, 2011 жылы Қазақстанға қайта бардым. Дала төсіндегі әсем Астананың кең көшелерін аралап, тәуелсіз Қазақстанның нышанына айналған жаңа қаланың пайда болғанына таң-тамаша болдым", – деді "Вечерний Тбилиси" газетінің бас редакторы Вадим Анастасиади.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу