Вайнерлерді қамауда ұстау мерзімі екі айға дейін ұзартылуы мүмкін

581

Алматы соты бұлтартпау шарасын неліктен 10 тәулік қамауда ұстауға ауыстырғандарын түсіндірді, деп жазды inbusiness.kz.

Вайнерлерді қамауда ұстау мерзімі екі айға дейін ұзартылуы мүмкін

Бұл тергеу сотының шешімі. Ал қосымша дәлелдер ұсынылса, қамауда ұстау мерзімі екі айға дейін ұзартылуы мүмкін. 

"Тергеу сотының қаулысымен М. Төребаев пен М. Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын 10 тәулікке қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына өзгерту санкцияланды. Бұл ретте тергеу органы 2 ай бойы қамауға алуға санкция беруге негіз болатын материалдарды ұсынбағанын айта кеткен жөн. Айыпталған бап бойынша қосымша дәлелдемелер мен материалдар жиналған жағдайда, тергеу органы қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы санкциялау туралы өтініш беруге құқылы", – деді сот. 

Еске сала кетсек, 10 ақпанда белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша айыпталушы ретінде танылғаны белгілі болды. Төребаев пен Шерниязов кепілмен босатылды. 

Тергеушілердің айтуынша, вайнерлер аталған қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, оның ортақ иелері ретінде үнемі табыс алып отырған. 11 ақпан Алматы полициясы Әзімжан Саидбаевқа іздеу жариялағанын хабарлады.

Ал 19 сәуір Тергеу сотының қаулысымен Төребаев пен Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды. 

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу