ВАК отырысында үлескерлердің проблемалық мәселелері қаралды

1134

ВАК отырысында үлескерлердің проблемалық мәселелері қаралды

Астанада ведомствоаралық комиссияның кезекті отырыстарында үлескерлік құрылысқа қатысушылардың мәселелері қаралды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

1 ақпанда өткен отырыстың қорытындысы бойынша ВАК "Территория комфорта 1" ТК құрылысы бойынша мәселелерді сөз етті. Атап айтқанда, инвесторлардың нысандағы жағдай туралы ақпараты ескерілді. Нысанды салушы – "КазИнвестКонстракшн Групп" ЖШС. Компания өкілдерінің айтуынша, нысанды жобалауға берілген қаулы, 2 кезекпен бөліп салу жоспары бар, құжаттама ҚНжЕ сәйкес келтірілді. ТҚК өкілі қаржылық операциялар туралы түсіндірме берді. Отырыс қорытындысы бойынша ВАК КазИнвестКонстракшнГрупп компаниясынығ басшылығына бірқатар ұсыныс жасады. Атап айтқанда, жұмыс жоспарын әзірлеуді аяқтау, Мемлекеттік сараптама қорытындысын алу, ғимаратта техникалық тексеру жүргізу тапсырылды.

ВАК-тың кезекті отырысына "ТамызИнвестГрупп" АҚ құрылтайшылары шақырылды.

Ведомствоаралық комиссия төрағасы жергілікті атқарушы органдардың рұқсат құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетуге дайын екендігін атап өтті.

Алайда, жоғарыда аталған компанияның құрылтайшылары мен ТҚК өкілдері ВАК-тың кезекті отырысына қатысқан жоқ және ВАК-тың құрылысты аяқтау бойынша жоспарларды ұсыну бойынша ұсынысы орындалған жоқ.

Қазіргі кезде комиссиямен үлестік құрылысқа қатысушыларға қалыптасқан жағдайды шешуге көмектесу туралы мәселе қаралуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу