Вакцина медицина, педагогика, қорғаныс саласының қызметкерлеріне тегін салынады

999

Денсаулық сақтау министрі отандық нарықта коронавирусқа қарсы вакцинаның бірнеше түрі болатынын айтты.    

Вакцина медицина, педагогика, қорғаныс саласының қызметкерлеріне тегін салынады

Елімізде коронавирусқа қарсы екпе салудың алғашқы кезеңі ақпан айында басталады. Бірінші болып тегін вакцинаны қатерлі топтағы мамандар алады. Олардың қатарында медицина, педагогика, қорғаныс саласының қызметкерлері бар. Ал өзгелер екпені ақылы түрде алады. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті. 

"Алдын ала болжам бойынша вакцинаның 2 дозасы 20 доллар тұрады.  Ал Қазақстанда жасалған екпенің бағасы әлі анықталған жоқ. Ол кейін өндіріс барысында белгілі болады.  Қазір бір шетелдік серіктестерімізбен келіссөздер жүргізудеміз. Оларға ел нарығына кіріп, әлемде өндіріле бастаған вакциналарының үлгілерін беріп, тіркеу туралы ұсыныс жасадық. Болашақта нарықта бірнеше түрлі вакцина болады деп жоспарлап отырмыз.  Оларды тегін, не ақылы түрде салынады. Мұның барлығы тіркеу шараларына байланысты", – деді Алексей Цой.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу