Вакцина мұнай бағасының көтерілуіне себеп болды

408

Brent баррелі 48,46 долларға саудаланып жатыр.

Вакцина мұнай бағасының көтерілуіне себеп болды Фото: ria.ru

Коронавирус дертіне қарсы вакцинанының шығарылуы мұнай бағасын шарықтатып жіберді. Шикізат құны наурыздағы көрсеткіштерге жетті.

CNBC дерегі бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 1,25%-ға өсіп, 48,46 доллар болды. WTI фьючерстері 1,16%-қымбаттап, қазір оның бір баррелі 45,42 долларға саудаланып жатыр.

AsrtaZeneca жасап шығарған вакцинанының тиімділігі 70-90%-ға жетеді деген жаңалықтан кейін, шикізат бағасы көтеріліп келеді. Бұған дейін Pfizer мен Moderna компаниялары өздері жасаған препараттардың тиімділі жоғары деп мәлімдеген болатын. Сонымен қатар АҚШ-тағы саяси тұрақсыздықтың біртіндеп сейіле бастауы, яғни Дональд Трамптың билікті Джозеф Байденге тапсыруы да нарыққа оң әсерін тигізіп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу