Вакцина зауытының құны – 7 млрд теңге

568

Жамбыл облысындағы коронавируске қарсы вакцина зауыты 60 млн доза шығаратын болады.

Вакцина зауытының құны – 7 млрд теңге

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында салынып жатқан вакцина зауытының құнын атады. 

"Президенттің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысының Қордай ауданында вакцина шығаратын зауыт салынып жатыр. Зауыттың құны қазір шамамен 7 млрд теңге деп бағаланып отыр. Қуатына келсек,  кем дегенде 30 миллионнан 60 миллионға дейін коронавирус вакцинасын шығаратын болады. Тек коронавиурсқа қарсы вакцина ғана шығармайды. Қазірдің өзінде брюцеллез, дерматит, құс тұмауына қарсы екпелер шығарады. Яғни кәсіпорын жануарлардың да, адамдардың да иммунитетін көтеруге бағытталған.  Зауыт жыл соңына дейін іске қосылуы керек. Ал наурыз айында алғашқы өнімін береді. Ондағы қызметкерлерді қолдау үшін зауыт жанында тұрғын үй салынып жатыр. Бірінші 90 пәтерлік тұрғын үй келесі жылы беріледі. Қалған екі үй келесі жылы салынады. Сондай-ақ, ондағы мамандардың жалақысын көтеру қарастырылып жатыр", - деді Бердібек Сапарбаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу