Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі мен өңір әкімдері халықты жаппай вакциналау мәселесіне ерекше назар аударуға тиіс екенін түсіндіріп: "Бұл мәселе бойынша тек денсаулық сақтау министрі ғана емес, әкімдер де жалпыға ортақ вакцинация өте маңызды мәселе екенін ескеруі керек. Бізге азаматтарды вакцинациядан өткізуде өте салмақты, ойластырылған, қыр-сыры ескерілген жоспар қажет. Дүрбелең болмас үшін бұл салада ескеретін мәселелер көп. Вакцинация эпидемиологиялық ахуалды түзеуі керек", – деді.
Қанат Махамбет
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу