Вакцинадан кейін ағзада антиденелер екі жыл сақталуы мүмкін

1058

2021 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасында халықты коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Екпе ретінде Ресейдің Эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген "Спутник V" вакцинасы қолданыла бастады.

Вакцинадан кейін ағзада антиденелер екі жыл сақталуы мүмкін

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Киясов онлайн брифингте аталған вакцина өндірісі Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында орналасқанын атап өтті. 

"Әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі - Lancet басылымы SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6%-ды құрағанын хабарлады. Сонымен қатар, "Спутниктен"кейін иммунитет кем дегенде екі жыл сақталуы мүмкін екендігі дәлелденді. Вакцина коронавирустың "британдық"және "Оңтүстік Африка" деп аталатын жаңа штамдарына қарсы тиімді. Сондай-ақ, вакцинаны жасаушылар "Спутник"COVID-тің орташа және ауыр ағымынан 100% қорғайтынын атап өтті",- деді Ерлан Киясов. 

Бұл ретте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцинациялау медицина қызметкерінің немесе қатерлі топқа жататын адамдардың келісімімен және мемлекеттік бюджеттің есебінен тегін жүргізілетінін тағы бір атап өтті. 

"Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Екпенің алдында дене температурасын өлшеу мен эпидемиологиялық анамнезды жинау, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек қан-тамыр жүйелерін тыңдау, дәрігердің міндетті тексеруі жүргізілу керек. Егер дене қызуы 37 градустан жоғары болса, екпе жасауға болмайды", - деді вице-министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу