Валерий Карпин қазақстандық клубтардың бірін жаттықтыруы мүмкін

792

Валерий Карпин қазақстандық клубтардың бірін жаттықтыруы мүмкін

Мәскеулік "Спартак" клубының бұрынғы бас бапкері Валерий Карпин қызметін Қазақстан біріншілігінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды vesti.kz. 
"Чемпионат" порталының таратқан мәліметі бойынша, 48 жастағы ресейлік маманға қазіргі уақытта бірнеше қазақстандық клуб қызығушылық білдіріп отыр. 
Сонымен қатар басылым Карпиннің Испания біріншілігіне қайта оралуы мүмкін екенін де жазады. Бұған дейін маманның өзі Испания жерінде жұмыс істеуге дайын екенін айтты. 
Еске салайық, Карпин футболшы ретінде испаниялық "Реале Сосьедад", "Валенсия" және "Сельта", мәскеулік "Спартак" клубтары сапында өнер көрсетсе, бапкер ретінде "Спартак", "Мальорка" және "Торпедо" клубтарын жаттықтырған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу