Валюта нарығына брокерлік компаниялар жіберілмек

1165

Валюта нарығына брокерлік компаниялар жіберілмек

Келер жылы валюта нарығына брокерлік компаниялар араласуы мүмкін. Осыған байланысты Қазақстан қор биржасы мен Ұлттық банк кеңейту жұмыстары бойынша шаралар атқаруда.

Айта кетейік, қазіргі уақытта доллар мен еуроны сатып алу нарығында тек банктер мен айырбастау пункттері жұмыс істейді. Бұл жайында "Қазақстан қор биржасы" басқармасының төрайымы Алина Алдамберген айтты. Оның сөзінше, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге басымдық берілмек.

Алина Алдамберген, "Қазақстан қор биржасы" АҚ басқармасының төрайымы:

"Келер жылдың бірінші тоқсанда біз сондай-ақ, стартап алаңдарды іске қосатын боламыз. Бұл нарыққа жаңа шығып жатқан компанияларға арналатын болады. Оның жобаларды анықтауға, арнайы инвесторларды тартуға ықпалы болады деп сенеміз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу