Валютаны сату мен сатып алудың арасындағы айырма 6 теңгеден аспауға тиіс

942

Доллар тағы қымбаттады. Айырбас бекеттерінде 1 америка банкнотасы 516 теңгемен саудаланып жатыр. Оның өзінде кейбір нүктелерде көк қағаз мүлде сатылымда жоқ.

Валютаны сату мен сатып алудың арасындағы айырма 6 теңгеден аспауға тиіс

Ал биржадағы кешкі сауданың қорытындысы бойынша, бір доллардың орташа бағамы 499 теңге 72 тиын боп бекітілді. Ресми бағаммен нарықтағы бағаның арасындағы алшақтық 17 теңгеге жуық. Ал заң бойынша, валютаны сату мен сатып алудың арасындағы айырма 6 теңгеден аспауы тиіс.

516-ға дейін сатылудың 2 себебі бар. Біріншісі, АҚШ валютасы көтеріледі деген болжамдар. Екіншісі, алдағы мереке күндері.

Төл теңгемізді тұралатып тұрған негізгі фактор басты сауда серіктесіміз Ресей валютасының құнсыздануы. Ресей мен Украина арасында қақтығыс басталғалы рубль 31 пайызға құлдырады, ал теңге 15 пайызға құнын жоғалтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу