Варшавада жарты миллион тұрғын наразылыққа шықты

414

2023 жылы күзде елде парламенттік сайлау өтеді.

Варшавада жарты миллион тұрғын наразылыққа шықты Фото: euronews.com

Польша астанасында оппозиция ұйымдастырған митинг өтті. Варшава көшелеріне жарты миллионға жуық адам шығып, қазіргі билеуші партияға қарсылығын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Митингті "Азаматтық платформа" поляк оппозициялық партиясы ұйымдастырды. Ондағы мақсат – билік басындағы саяси ұйымдардың ішкі саясатына наразылық таныту, дейді ұйымдастырушылар. Наразылық шарасына польшаның бұрынғы президенті, нобель сыйлығының лауреаты Лех Валенса да қатысты. Сарапшылардың пікірінше, бұл митинг - поляк оппозициясының сайлау қарсаңында өз жақтастарын біріктіру әрекеті. Естеріңізге сала кетейік, биыл күзде Польшада парламенттік сайлау өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу